2025 жылғы 13 қараша күні Қ.Құлажанов атындағы ҚазУТБ колледжінде колледішілік WorldSkills чемпионаты өтті.
Байқау келесі компетенциялар бойынша өткізілді:
3D-моделирование — Blender бағдарламасында жұмыс
Видеомонтаж — Adobe After Effects және Adobe Premiere Pro арқылы бейне өңдеу
Ақпараттық қауіпсіздік — желіні қорғау, брандмауэрлерді баптау, трафикті талдау
Веб-технология — HTML, CSS, JavaScript және PHP арқылы веб-сайт жасау
Чемпионаттың мақсаты — студенттердің кәсіби дағдыларын шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және кәсіби ортаға бейімдеу.
Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен студенттер қалалық кезеңге жолдама алып, колледж намысын қорғайтын болады.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!