Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

Ғылыми-практикалық конференцияға қатысу

2021 жылдың 18 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі» ұйымдастырған «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты және оның негізгі детерминанттарын тану» атты І-Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы онлайн түрде болып өтті. Оған колледжден Көбей Қамбарұлы Усмановтың жетекшілігімен «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтарының 1-курс студенттері Абдразақ Еркебұлан, Алдамбергенова Мөлдір, Ибраева Диләрә, Разыбек Асқар, Рәтбек Нұркелді, Шарипов Алишер қатысып, баяндамалар жасады. Конференцияға қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар берілді.