КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

Жасөспірімдер мен жастар арасында ЖЖБИ алдын алу бойынша дәріс

2022 жылдың 30 қарашасында колледж студенттеріне жасөспірімдер мен жастар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, түсік жасатудың және қалаусыз жүктіліктің алдын алу бойынша дәріс өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының гинекологы баяндама жасап, оның барысында ұрпақты болу денсаулығын қорғау, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, оның ішінде АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша сұрақтар көтерілді. Инфекция түрлері, берілу жолдары, адамдардағы белгілері мен көріністері, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, «жоқ» деп айта білу, жүктілік кезіндегі белгілер, жас ағзаға түсік түсірудің түрлері мен салдары, контрацепция әдістері, өз денсаулығына жауапкершілік, профилактикалық тексерулер туралы, салауатты өмір салтын сақтаудың артықшылықтары туралы, ұрпақты болу жүйесі ауруларының алдын алу туралы ақпарат беріледі.