29 Nov 2024
«Шашбаулым» байқауы
2024 жылдың 1 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне орай «Қарашаңырақ» орталығының
ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының
қолдауымен Елорданың жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқитын қыздар арасында
«Шашбаулым» қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына деген қызығушылықты дамытуға бағытталған
танымдық-этнографиялық байқауы өтті. Іс-шара әдептілік, рақым, тектілік, қарапайымдылық, сұлулық
және т.б. сияқты қазақ қызының ұлттық дәстүрлері мен құндылықтарын дәріптеу мақсатында
өткізілді.
Колледжіміздің атынан байқауға «Бағдарламалық қамт