КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Медиа

Оқиғалар мен хабарландырулар
Колледждің өзекті жаңалықтары мен оқиғалары

31 Jan 2024

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері

2024 жылғы 30 қаңтарда «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің оқытушылары педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогикалық іс-әрекетті талдау және зерттеушілік мәдениетін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Астана қ. Білім басқармасының, Астана қ. Әдістемелік орталығы мен Сервис және туризм колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

...

28 Jan 2024

Президенттік мәдениет орталығы музейіне экскурсия

2024 жылдың 25-26 қаңтар күндері Президенттік мәдениет орталығы музейінде колледжіміздің 1 курс ПО-2301 және ТППП-2303 топ студенттеріне жақын арада өзектендіріліп жаңа мазмұнға ие болған экспозициялар көрсетіліп, шолу экскурсиялары өткізілді.

Іс-шара барысында студенттер қазақ мемлекеттілігінің үздіксіз дамуы, жоғарғы биліктің институционалдық негіздерімен және оның дамуы жайлы баяндайтын экспозициялық материалдармен, жәдігерлермен егжей-тегжейлі танысты.

22 Jan 2024

ЖЕТІСУ ӨНЕРІ

9-желтоқсан күні Жетісу өлкетанушылар одағы Жетісу облыстық білім басқармасымен және Жетісу облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлесе отырып Талдықорған қаласындағы Шоқан Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия КММ-де Қазақстанның тәуелсіздігіне арнап «ЖЕТІСУ ӨНЕРІ» атты халықаралық көрмеге өткізді. Аталған көрмеге "Кескіндеме", "Сәндік қолөнер", "Графика" және "Дизайн" саласынан шығармашылық жұмыстарымен қатысқаны үшін Мухамедрахим Елубайұлы Мешелов сертификатпен марапатталды.

14 Jan 2024

Волейболдан турнир өтті

2024 жылдың 11 қаңтар күні колледж директоры мен «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің ұйымдастыруымен «Денсаулық күніне» орай салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында колледж оқытушылары арасында волейболдан турнир өтті. Сонымен қатар турнирде үстел теннисі бойынша ерлер мен әйелдер арасында жарыс ұйымдастырылды. Турнир Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, колледж директоры - Динмухамет Балғабекұлы Утеевтің құттықтауымен басталды. Волейбол турниріне колледжден 4 команда қатысты:

  1. «Әкімшілік» құрамасы;
  2. «ЖББ» құрамасы;
  3. «БТжАТ» құрамасы;
  4. «ДжТ» құрамасы. Турнирде «Дене тәрбие

22 Dec 2023

Студенттер білім көкжиегін кеңейтті

ҚР Президенттік орталығының ғылыми-білім беру бағдарламасы аясында «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің студенттеріне «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» дәрісі өткізілді.

22 Dec 2023

Жетістіктермен мақтанамыз

«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі үшін 2023 жыл табысты әрі жетістіктерге толы жол болды. Колледж оқытушылары мен студенттерінің ерен еңбегінің арқасында колледж қоржыны көптеген жүлделермен толықты. 2023 жылдың ең маңызды жетістігі.

21 Dec 2023

Қазақстандағы ислам: тарихы, мәселелері, келешегі

ҚР Президенттік орталығының ғылыми-білім беру бағдарламасы аясында 20 желтоқсанда «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің студенттеріне «Қазақстандағы ислам: тарихы, мәселелері, келешегі» атты дәріс өткізілді.

21 Dec 2023

Тәуелсіз елдің ұрпағымыз

Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының зерттеу жұмысы бөлімінің әдіскері

20 Dec 2023

Баскетболдан жарыс өтті

Желтоқсаның 20–шы жұлдызында «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледж студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай баскетболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 1-2 курс топтарынан 14 команда қатысты.

15 Dec 2023

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!

Егемен еліміздің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын!

08 Dec 2023

Дара тұлға Бейбарыс

2023 жылдың 30 қарашасында Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының зерттеу жұмысы бөлімінің әдіскері А.С. Джумабаева «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің ұстазы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ж.Ермановпен бірлесіп Бейбарыс Сұлтанның 800 жыл

08 Dec 2023

Әбубәкір Ахметжанұлы Диваев - фольклоршы, этнограф

Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының зерттеу жұмысы бөлімінің әдіскері А. С.Джумабаева «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің Туризм-2302 тобының студенттеріне «Әбубәкір Ахметжанұлы Диваев - фольклоршы, этнограф» атты дәріс өткізді.

07 Dec 2023

"Отбасында зорлық- зомбылық жоқ"

"Зорлық - зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік" акция аясында Астана қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығының мамандары "Қазақ технология және бизнес университеті" АҚ колледжінің студенттеріне "Отбасында зорлық- зомбылық жоқ" тақырыбында дәріс және психологиялық тренинг өткізді.

07 Dec 2023

Құқықтық сауаттылықты арттыру

7 желтоқсан күні Астана қаласы колледждерінің студенттері арасында құқықтық сауаттылықты арттыру аясында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының қызметкері Г. Нубаева "Қазақ технология және бизнес университеті" АҚ колледж

29 Nov 2023

Студенттер қатарына қабылдау рәсімі

Студенттер қатарына қабылдау рәсімі 1-ші курс білім алушыларының өміріндегі жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлерге толы маңызды да тебірентерлік сәт.

29 Nov 2023

«Менің мамандығым – мақтанышым!»

Арнайы пән оқытушысы Назерке Ғабитқызы Томпакаева ПО-2202 тобымен «Менің мамандығым – мақтанышым!» тақырыбында сабақтан тыс ашық сабақ өткізді

28 Nov 2023

Әдістемелік күн

Әдістемелік жұмыс үздіксіз білім берудің ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқытушыларға біліктілігін арттыруға және жеке өсу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әдістемелік көмек көрсету педагогтардың тиімді педагогикалық тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауына ықпал етіп, оларды әрі қарай практикалық қолданыста жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

17 Nov 2023

БАЛҚАШ ӨҢІРІ

Қазақ технология және бизнес университетінің кәсіптік бағдар беру жұмыс тобы 2023 жылдың 7-10 қараша аралығында Балқаш қаласының мектептері мен колледждерінде және оған жақын орналасқан ауыл мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

16 Nov 2023

«АЛТЫН САҚА»

«АЛТЫН САҚА» республикалық челленджін «Қазақ технология және бизнес универститеті» АҚ колледжі қабыл алып, 2023 жылдың қараша айының 17-жұлдызында студенттер арасында «асық ойнау» ойынын өткізді.

10 Nov 2023

Алтын күз

Колледжішілік іс-шаралар 1 курс студенттерінің ерекше қызығушылығын тудыратыны баршаға мәлім. Ал, "Күзгі бал" кеші біздің колледж студенттері үшін дәстүрлі мереке, себебі әр оқу жылында ұйымдастырылып отырады.